Өңірлік коммуникациялар қызметінде Абзал Егембердиев халықтың әлеуметтік осал санатын қолдау үшін қолға алынған жұмыстың қорытындысын жариялады. Тоғыз айда тұрғындарға 16,6 мыңнан астам мемлекеттік әлеуметтік қызмет көрсетіліп, оған 3,9 млрд теңге бағытталды.

758 тұрғынға 102,7 млн теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Тағы 3,3 мыңнан астам азамат біржолғы және өзге де әлеуметтік төлем алды. Бұл мақсатқа 228 млн теңгеден астам қаражат бағытталды.

Мүгедектігі бар адамдар да қолдаудан қалыс қалған жоқ. 1 700-ден астам тұрғын жеке көмекші мен ишарамен сөйлейтін маманның қызметін, оңалту құралдары мен санаторий-курорттық ем алды.

«Қазір мемлекеттік әлеуметтік қызметтің 15 түрі көрсетіледі», – деді әкім.

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі