Наурызбай ауданында биыл 11 аула жаңартылуда. Жұмыстар «Нұрлы Дала» тұрғын үй кешеніндегі мен Қалқаман шағынауданындағы аулаларды қамтиды.
«Бұл бағыттағы жұмыстар өткен жылы да жалғасын тауып, халық тығыз орналасқан «Алма Сити» тұрғын үй кешеніндегі 33 аула абаттандырылды. Ал биыл аудан бойынша тағы 11 аула жаңартылуда. Негізгі мақсат – балалар мен тұрғындар үшін аулаларды жайлы әрі қауіпсіз ету», – деді Наурызбай ауданының әкімі Назира Тоғызбаева.
Жұмыстарды қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарланған.
Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі