Кешегі жаңбырдан кейін Алматының тынысы ашылды
Бүгін (9 желтоқсан күні) Алматының аспаны ап-ашық болып тұр екен. Кей кезде мұнартып тұратын басын ақ шалған Іле Алатауы да анадайдан анық көрініп тұр. Кешегі жаңбырдан кейін қала кәдімгідей тазарып қалыпты.