Алматы ТЖД өртке қауіпті кезеңнің басталғанын еске салды
Төтенше жағдайлар департаментінің тау-орман өрттерін сөндіруге дайындығын, рұқсат етілмеген орындарда от жаққаны үшін жауапкершілік және тілсіз жаудың алдын алу туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Данияр Жүсіпов пен «Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ орманды қалпына келтіру және жаңғырту бөлімінің басшысы Райхан Мұхаметжанова айтып берді.