Freedom Holding Corp. Қазақстанда көрсетілетін қызметтердің ассортиментін кеңейту жөніндегі жоспарлар туралы хабарлайды
Freedom Holding Corp. холдингтің бас атқарушы директоры Тимур Турловтан «Freedom Finance Insurance» сақтандыру компаниясы» АҚ және «Freedom Finance Life» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ сатып алу бойынша алдын ала келісім жасады. Мәмілелердің жоспарланған сомасы тиісінше 6 млрд теңгені және 5,4 млрд теңгені құрайды, компаниялар қолма-қол есеп айырысу арқылы сатып алынатын болады. Бұл активтер олардың капиталының құны шеңберінде сатып алынады. Мәміле мемлекеттік реттеуші орган тарапынан қажетті мақұлдауды алғаннан кейін аяқталатын болады.