Алматыда АИТВ-ның қандай жолдармен жұғатыны айтылды
Алматы қаласы ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы бас дәрігерінің орынбасары Альфия Денебаева Өңірлік коммуникациылар қызметі алаңында өткен брифингке қатысты, ол соңғы жылдары жалпы ел бойынша, сондай ақ мегаполисте де АИТВ-ның жыныстық жолмен берілу жағдайларының 2013 жылғы 63% - дан 2022 жылы 77,9% - ға дейін көбейгені байқалған. Инъекциялық есірткі қолдану арқылы берілу 15% құрайды.