Алматының коммуналдық меншігіне биыл жаңадан салынған 84 жылжымайтын мүлік нысаны қабылданды
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн брифингінде Алматы қаласының Мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Абзал Егембердиев айтты. Мемлекет меншігіне берілген нысандар арасында мектептер, көп қабатты үйлер, дене шынықтыру-сауықтыру кешендері бар.