Алматы полицейлері мектеп маңында, жолдар мен салтанатты линейка кезінде кезекшілік атқарады
1 қыркүйек күні, сондай-ақ, оқу жылының алғашқы апталарында да полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет етеді. Тәртіп білім беру мекемелері маңындағы жаяу жүргіншілер өткелдерінде кезекшілік атқарып, қозғалысқа қатысушылармен, жаяу жүргіншілермен — ата-аналармен және балалармен, сондай-ақ жүргізушілермен жұмыс істейтін болады. Полиция қызметкерлері жолдарда мұқият болу керектігін еске салады. Бұл туралы ӨКҚ брифингінде Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек мәлімдеді.