Бүгін балалардың «SOS» ауылында Алмалы ауданы коммуналдық орталығының жастары «Алматы - біздің ортақ үйіміз» акциясы аясында «Әлеуметтік шеберхана» акциясын өткізді.
Акцияның негізгі мақсаты-қарттар үйлері, балалар үйлері, үйсіздерге көмек көрсету орталықтары және басқа да осындай ұйымдар сияқты әлеуметтік мекемелердегі жағдайды жақсартуға жәрдемдесу.
Акция аясында Алматы қаласының белсенді жастары аумақты тазартуға, балалар үйінің орындықтары мен ойын алаңын бояуға көмектесті.
Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуірде «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны басталды. Әрбір тұрғын қаланың дамуы мен абаттандырылуына өз үлесін қоса алады.
Барлық ақпарат almaty.kz сайтында, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде орналасқан. Сондай-ақ, веб-сайтқа арнайы QR-код арқылы қала бойынша орналастырылған баннерлерде, плакаттарда және афишаларда кіруге болады.