Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласының ПД Әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Болатбек Баятанов автокөлік иелерін ауа райының құбылуына қарай, жолда барынша абай болуға шақырады. Мұндай ескертулер жаяу жүргіншілерге қатысты.
Полиция қызметкері Алматының күрт климаттық аймақта екенін еске салды. Біздің қала ауа температурасының күрт өзгеруімен ерекшеленеді.
«Бізде күндіз ауа температурасы 10 градус Цельсийді көрсетсе, түнде 0 градустан төмен түседі. Осыған байланысты таңғы және кешкі уақытта жол үсті қатқақ болып жатады. Автомектептерде, әдетте, осындай кезде көлік жүргізуді үйретеді. Мұндай жағдайда жылдамдықтың кенеттен өзгеруін болдырмау, көлік құралын бірқалыпты басқару керек. Оған қоса, жүріп бара жатқан көліктер арасындағы қашықтықты ұлғайту керек», – деді Болатбек Баятанов.
Қыс мауысымында жүргізушілер көлігінің техникалық күйіне ертерек назар аударып, дөңглектерін қысқы резинаға ауыстыру, жарық, әйнекті тазарту, электр сымдар жүйесі, аккумулятор қуатынның жұмысын тексеріп алғандары жөн.
«Ауа температурасы төмендегенде, жазғы дөңгелектермен жүру өте қауіпті болады, тайғанау әсері пайда болады, көлік сырғанап, тоқтай алмай қалады. Қозғалтқыштан шығарып қою да қауіпті, өйткені мұндай кезде жол-көлік оқиғасы қаупі арта түседі. Қараша айында қар түріндегі алғашқы жауын-шашын түсіп, одан кейін жол-көлік оқиғаларының саны артты. Негізінен мұндай жағдайға көліктерін қысқы дөңгелекке ауыстырмаған жүргізушілер тап болады», - деді полиция полковнигі.
Тәртіп сақшысы күнтізбелік қысты күтудің қажеті жоқ екенін және көлік резеңкесін қазірден бастап ауыстыру керектігін атап өтті. Өйткені, Жол жүру ережесінің «Жол қозғалысы қауіпсіздігіне және қоршаған ортаға қауіп төндіретін көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынған ақаулар мен жағдайлардың тізбесі» 5-бөлігінің 590-бабына сәйкес 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салу қарастырылған. Бұл ережені елемеген жүргізушілер айыппұл төлейді.
ӨКҚ брифингінде Болатбек Баятанов 2022 жылдың басынан бері Алматы қаласында 3073 ЖКО тіркелгенін, оның салдарынан 81 адам қаза тауып, тағы 3496 адам түрлі дене жарақаттарын алғанын айтты. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жол-көлік оқиғалары 21,5%-ға, қаза тапқандар 20%-ға, жарақат алғандар 18%-ға өскен.
«Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Полиция департаменді кешенді түрде «Абайлаңыз, балалар», «Қауіпсіз жол», «Автобус», «Құқықтық тәртіп» профилактикалық шаралары өтеді», - деп тізіп шықты полиция қызметкері.
Мәселен, полицейлер «Автобус» жедел алдын алу шарасы барысында қоғамдық көлікке қатысты заң бұзушылықтардың жолын кеседі. Техникалық жарамдылыққа, жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін сақтауына, тахометрлердің орнатылуын тексеруге және көлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелеріне сәйкес басқаруына ерекше назар аударылады.
«Қоғамдық көлік – қауіптілігі жоғары көлік, өйткені жүргізушілер өздерінен басқа жолаушыларды да тасымалдайды. Олардың қауіпсізді үшін жауапты», - деп қосты Б.Баятанов.