Бір жылдан бері бүкіл әлем жаңаша көзқараста өмір сүруде. Гигиеналық ережелерді сақтау, маска кию, әлеуметтік арақашықтық сақтау. Біздің әрқайсымыз ішкі наразылықты жеңе отырып, жаңаша өмір сүруге үйренеміз. Қазіргі таңда күнделікті медициналық ақпараттарды оқып, саралап отырамыз, тіптен, денсаулық сақтау мәселесі бойынша хабары болмаған адамның өзі де осы сала бойынша мәліметтерді мұқият қадағалайтын болған.
Мемлекеттік деңгейде күн тәртібі қалай өзгергені туралы не айтуға болады. Қазақстанда коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты іс-қимыл шеңберінде барлық ауруханаларды заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жұмыстары белсенді жүргізілді. 2020 жылы Алматы қаласының әкімдігі ауқымды жұмыстар атқарды. Қаладағы жұқпалы аурулар ауруханаларының барлық қарқынды терапия бөлімшелері медициналық жабдықтармен 100% қамтамасыз етілді. Медициналық оттегімен қамтамасыз ету үшін арнайы жабдықтарға ерекше назар аударылды, өйткені коронавирус инфекциясы ең алдымен тыныс алу органдарына әсер ететінін бәрімізге белгілі. Медициналық мекемелерді, ең алдымен жұқпалы аурулар ауруханаларын, көпбейінді ауруханалар мен перзентханаларды оттегімен қамтамасыз ету бағдарламасы қабылданды. Жергілікті бюджет есебінен өкпені жасанды желдету аппараттары (ӨЖЖ) сатып алынды және бүкіл әлемде COVID-19 вирусы кезінде өзінің тиімділігін дәлелдеген жоғары ағынды хай-флоу (High-flow) оттегі терапиясының жаңа технологиясы енгізілді. Короновирустық инфекциямен және оның асқынуларымен ауыратын науқастарды емдеуде 19 қалалық емханаға осындай 250 аппарат сатып алынды.
Жоғары ағынды оттегі терапиясы – дұрыс тыныстай алмайтын науқастарға қолданылатын оттекті қолдаудың заманауи технологиясы, ол пандемия кезінде өкпесі зақымданған науқастарды емдеуде әлемде коронавирустық инфекция кезінде кең таралған.
Мысалы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өз ұсыныстарында стандартты оттекті қолдаумен салыстырғанда high-flow терапиясы ауруханаға жатқызу ұзақтығын төмендететінін, ауру ағымының болжамын жақсартатынын және интубацияға, яғни өкпені жасанды желдетуге ауыстыру қажеттілігін едәуір төмендетіп, мұның бәрі бұқаралық ақпарат құралдарында ӨЖЖ-дағы өлім-жітім көрсеткіштері туралы бірнеше рет пайда болған мақалалардан кейін мұндай жағдайдан аулақ бола бастағанын көрсетеді. Шынын айта кету керек, көбінесе ӨЖЖ аппараты науқастың өмірін сақтап қалудың жалғыз мүмкіндігі, ал өлімнің жоғары деңгейі оларға қосылған науқастардың ауыр жағдайын ғана көрсететінін атап өткен жөн.
Белгілі бір көрсеткіштердегі жоғары ағынды оттегі терапиясы Еуропаның, АҚШ пен Австралияның көптеген елдерінің клиникалық хаттамаларына енгізілген, сонымен қатар Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрлігі де ұсынады. Жоғары ағынды оттегі терапиясы қазақстандық COVID-19 инфекциясын емдеу хаттамаларына енгізілді, ал 2020 жылдың күз мезгілінде өкпесі зақымдалған науқастарда жоғары ағынды оттегі терапиясының тиімділігін ескере отырып, COVID-19 инфекциясының таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия барлық ауруханаларды High-flow аппараттарымен жабдықтауға бұйрық берілді.
Аталған технология Қазақстанда пайда болғаннан кейін, оны алғашқылардың бірі болып Орталық қалалық клиникалық аурухананың жансақтау бөлімшесі қолдана бастады, ол COVID-19 кезінде өкпесі ауыр зақымдалған науқастарда High-flow пайдалану арқылы жақсы нәтиже беріп, Алматы қаласы әкімдігі Қоғамдық денсаулық басқармасының әдістемесін қолдануға ұсыныстар берді. Егжей-тегжейлі талқылаудан кейін ҚДБ басқа емдеу мекемелері үшін жоғары технологиялық High-flow жабдығын сатып алу қажеттілігі туралы шешім қабылдады.
Сонымен, Хай-фло терапиясының мәні неде?
Науқасқа мұрын каннуласының көмегімен оңтайлы температура мен ылғалдылыққа дейін (минутына 60 литрге дейін) қыздырылған және ылғалданған ауа-оттегі қоспасының жоғары ағымы беріледі. Қыздырылған және ылғалданған ауа ағыны науқасқа ыңғайлы және шырышты қабаттарға зақым келтірмейді, ал ағынның жоғары жылдамдығы өкпені «ашады», көмірқышқыл газын сілтілеу арқылы өлі кеңістіктің көлемін азайтады және альвеолалардың бір-біріне жабысып қалуына жол бермей, тыныс алуды жеңілдетеді. Құрылғы оттегі маскасының орнына жабдықталған мұрын каннуласы қозғалысты шектемейді, бет терісін құрғатпай, науқас еш кедергісі тамақ пен су қабылдай алады, бұл психологиялық және физикалық жағдайға оң әсер етіп, қалпына келуін тездетеді.
Көп науқастарда жоғары Хай-флоу терапиясын қолданған кезде сатурация бірнеше минут ішінде көтеріледі, ентігу азайып, науқас бірқалыпты жағдайда болады.
Науқастардың көп бөлігінде (60-80%) осындай оттегі терапиясы жеткілікті, нәтижесінде ӨЖЖ-ға қосылу қажеттілігі қаупі едәуір төмендеп, ауру ағымының болжамы жақсарады, емдеуге жатқызу ұзақтығы азаяды.
Айта кету керек, ӨЖЖ аппаратының Хай-флоу аппаратынан айырмашылығы, яғни, ӨЖЖ аппараты тек реанимация жағдайында білікті реаниматологтар қолданылады, ал Хай-флоу аппаратын қарапайым интерфейсі арқасында басқа қызметкерлер, соның ішінде медбикелер жұмыс істей алады, олар қазірдің өзінде өте ауыр реаниматологтарды интубациялау қажеттілігінен босатылады.
Осылайша, COVID-19 инфекциясын кезекті өршуі әлі де қала тұрғындарына қауіп төндіретін кезеңде Алматының медициналық ұйымдары коронавирустық инфекцияның орташа және ауыр дәрежедегі науқастарды емдеу үшін қажетті заманауи оттегі жабдықтарымен жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етілген.
Қазіргі уақытта Алматы қаласының әкімдігі медициналық мекемелерді медициналық жабдықтармен жаңарту және инфрақұрылымды заманауи талаптарға барынша келтіру бойынша жұмыстарды жалғастыруда. Мысалы, ұзақ уақыт бойы Алматының медициналық ұйымдарында желдету мәселесі өзекті болды.
Мәселені шешу үшін қала әкімдігі емдеу мекемелерінің желдету жүйесін күрделі жөндеуден өткізудің арнайы бағдарламасын, сондай-ақ көп бейінді ауруханалардың жансақтау бөлімшелерінде таза бөлмелер бойынша бағдарламасын әзірледі.
Алматы қаласы әкімдігінің Қоғамдық денсаулық басқармасы қабылдаған барлық іс-шаралар көп бейінді ауруханалар мен жұқпалы аурулар ауруханаларында коронавирустық инфекциясын жұқтырғандардың кезекті жоғарылауына барынша дайын болуға мүмкіндік берді.
COVID-19 инфекциясы қауіпті және қала тұрғындарына қауіп төндіреді, бірақ клиникалардың техникалық жабдықталуы және инфекцияның таралуын болдырмау үшін қабылданған шаралар қазірдің өзінде өз жемісін беруде.
Мақала авторы: медицина ғылымдарының докторы, профессор Нариман Табынбаев.