Жастар ресурстық орталықтары "Менің Туым" акциясын жалғастыруда
Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында қала көшелерінде, Алматы қаласының Жастар ресурстық орталықтарында "Менің Туым" акциясы жалғасуда. Бүгін Жастар ресурстық орталықтары жалаушаларды табыстап, қала тұрғындарын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады. Іс-шара аясында 1000-нан астам жалауша қаланың барлық аудандарында таратылды.