CARLSBERG KAZAKHSTAN КОМПАНИЯСЫ ӨНДІРІСТІК ҚУАТТАРДЫ КЕҢЕЙТУ ЖӘНЕ АЛКОГОЛЬСІЗ ӨНІМ ӨНДІРІСІН ЖЕРГІЛІКТЕНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ЖОБАНЫ АЯҚТАУДА
2024 жылғы сәуірде Carlsberg Kazakhstan компаниясы алюминий құтыға құюдың жаңа желісін өнеркәсіптік іске қосуды жүзеге асырды. Технологиялық желілерді жаңғырту және алкогольсіз газдалған сусындар өндіруге арналған жаңа Цех салу нәтижесінде зауыттың өндірістік қуаты 30%-ға, жылына 2,3 млн гектолитрден 3 млн гектолитрге дейін өседі. Жобаны іске асыруға шамамен 22 млрд. теңге инвестицияланды, 60 жаңа жұмыс орны құрылды. Мұнымен қоса, алдағы айларда ҚР қолданыстағы заңнамасына енгізілген қажетті түзетулер күшіне енгеннен кейін жоба келесі кезеңге — Қазақстан мен экспорттық нарықтардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін алкогольсіз сыра өндірісінің басталуына көшеді.