Алматы дәрігерлері 70 жасқа дейінгі барлық қала тұрғындарын скрингингтік тексеруден өтуге шақырады
Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Алматы қаласындағы №21 қалалық емхананың профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі Қонай Бесбаевтың айтуынша, бұл скринингтік тексеру – көптеген ауруларды ертерек анықтауға мүмкіндік береді. Бұл дер кезінде емдеуді тағайындауға және өмірді сақтауға мүмкіндік береді.