Алматылық торакалды хирургтар кеуде қуысының пішіні бұзылған науқастарға МӘМС шеңберінде ота жасайды
16 жастағы жасөспірімнің кеуде қуысы үлкейіп, қабырғалары сыртқа дүмпиіп шығып кеткен. Салдарынан оның тыныс алуы, қозғалысы қиындаған, деп хабарлайды Алматыдағы №1 Қалалық клиникалық аурухананың баспасөз қызметі.