«Қазақ халқының жүрегіне жүзден астам ұлт өкілдері сыйып кетеді» - ұйғыр этно-мәдени орталығының өкілдері алматылықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады
Алғыс айту күні жыл сайын ерекше маңызға ие болып келе жатқанын Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы жоғарғы кеңесінің төрағасы, «Ұйғыр авази» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Ершат Әсметов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.