«Астана Балет» сахнасында қазіргі заман хореографиясының кеші өтеді
«Астана Балет» Театры талғампаз көрермен қауымның назарына 6-қарашада тарту етілетін әсерлі бағдарламасын дайындады. «Бір актілі балеттер кешінде» қызықты әрі тартымды қойылымдар біріктірілген: Раймондо Ребектің «Өткенге саяхат», сонымен бірге, арнайы шақырылған хореограф Рикардо Амарантенің екі туындысы - «A Fuego Lento» және «Love Fear Loss».