Алпысбай ҚАЗЫҒҰЛОВТЫҢ «Әр алуан әлем» атты жеке көрмесі
2022 жылдың 22 желтоқсан күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің және Масарик атындағы еуропалық алтын медаль иегері, суретші Алпысбай ҚАЗЫҒҰЛОВТЫҢ «Әр алуан әлем» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Көрмеге автордың жеке жинағынан алынған 100-ге жуық туынды қойылған.