ҮКІ ӘЖИЕВТІҢ туғанына 100 жыл толуына арналған «ЖАН ЖАРЫҒЫ» мерейтойлық көрмесі
2024 жылдың 6 желтоқсан күні сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде суретші ҮКІ ӘЖИЕВТІҢ туғанына 100 жыл толуына арналған «ЖАН ЖАРЫҒЫ» мерейтойлық көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Экспозицияда Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің қорынан, жеке коллекциялардан және суретшінің отбасы жинағынан 70-тен астам кескіндеме және акварель туындылары ұсынылады.