Владимир Киреевтің «Кездесу» атты мерейтойлық ретроспективті көрмесі
2024 жылдың 4 сәуірі күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі суретші Владимир Киреевтің 80 жылдығына арналған «Кездесу» атты мерейтойлық ретроспективті көрмесін ұсынады. Көрмеге 1970 жылдардың соңынан қазіргі уақытқа дейін жасалған 50-ден астам картиналар – портреттер мен пейзаждар ұсынылады.