Базар жастары жүлделі болды
Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында NEET санатындағы жастар арасында киберспорттан өткен турнир мәресіне жетті. Social project management орталығының ұйымдастыруымен өткен жарысқа «Байсат», «Кенжехан», «Алтын орда», «Салем» «Өжет», «Арыстан» және тағы басқа базарлардан 30 ойыншы қатысты. Real компьютерлік клубында өткен турнирге киберспорт мамандары төрелік жасады.