Алматы тұрғындары үшін мәдени объектілердің қолжетімділігі туралы
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.-Ж. Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында мәдениеттің дамуына баса назар аударды. Алматыда мәдени инфрақұрылымды жақсарту жөніндегі міндеттер қалай жүзеге асырылып жатқандығы туралы мегаполистің мәдениет басқармасының бастығы Ғани Майлыбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде айтты.