Алматыда карантиндік шараларды бұзу жалғасуда
Алматының мониторинг топтары қолданыстағы шектеу шараларының сақталуын бақылау үшін күн сайын кәсіпкерлік нысандарға бақылау жүргізеді. 10-маусымнан 11 маусымға қараған түні қалада сегіз заң бұзушылық анықталды. Мониторингтік топтардың айтуынша, келушілердің көптігіне байланысты нысандардың заңсыз қызметі әлі де тіркелуде. Ashyq жобасына кірмейтін мекемелер анықталды.