Түрксіб ауданындағы мектептерде 2300-ден астам оқушы орны және балабақшаларда 500-ден астам жаңа орын ашылады
Алматы қаласының Түрксіб ауданында мектептердегі оқушы орындарының тапшылығы 1600-ден асады. Осыған байланысты ауданда биыл үш мектеп кеңейтіліп, тағы біреуі ескі ғимараттың орнына салынады. Түрксіб ауданының әкімі Бахытжан Ақжаров мектепке дейінгі мекемелердің тапшылығы мәселесін шешетінін, сондай-ақ дәрігерлік амбулаториялар салу жоспарлары туралы айтты.