Алматыда өңдеу өнеркәсібінің көлемі өсуде
Алматы қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингі барысында 2021 жылы қаланың негізгі тенденциялары аясында өңдеу өнеркәсібінің динамикалық және тұрақты өсуі байқалғанын атап өтті.