«Біз вакцинацияның арқасында ғана пандемияны жеңе алатынымызды түсінуіміз керек» - Алматы қ. ҚДБ өкілі
Коронавирусқа қарсы екпе жасаған Алматы тұрғындарының жалпы саны 270 500 адамнан асты. Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингі барысында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы орынбасары қызметін уақытша атқарушы Лаура Мырзағали мегаполисте егу науқаны қалай өтіп жатқанын айтты.