Ж. Бекшин Алматыда карантиннің неліктен күшейтілгенін айтты
Алматы халқының иммундық қабат жеткілікті мөлшерде қалыптасқан жоқ. Бүгінде ол 40%-ды құрайды. Вакцина қарқынының жеткіліксіздігі және науқастар санының артуы салдарынан қалада карантиндік шаралар күшейтілді. Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен шұғыл брифингте аталған шектеулердің неден туындағанын түсіндірді.