Алматыда биыл жүргізушілер шұғыл тежегішті 110 рет басқан
Шұғыл тежегішті басудың себебі - теміржол көлігіндегі қауіпсіздік ережелерін бұзған жаяу жүргіншілер мен автомобильшілердің немқұрайлылығы болып табылады. Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиалы-«ЖТ Алматы бөлімшесі» бас инженерінің міндетін атқарушы Александр Игошеннің қатысуымен брифинг өтті.