Алматыда 5 мыңнан астам адам психиатриялық кеңесті онлайн алды
Биылғы 9 айда Алматының амбулаториялық психиатриялық қызметіне 12 756 адам жүгініп, 5 355 онлайн-консультация өткізілді. Балалар мен жасөспірімдер психиатриялық қызметінде 403 бала мен жасөспірімге алғаш рет диагноз қойылды.