Шетелде құжаттардың заңды күші болуы үшін нені білу керек?
Шетелде құжаттарды пайдалану үшін олардың түпнұсқалығын уәкілетті органда заңды түрде растау қажет. Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық Әділет департаментінің өкілдері апостиль қою тәртібіне кеңінен тоқталды.