Алматылық бақылаушылар учаскелік сайлау комиссиялары сайлау күні кәсіби дайындықтарын көрсетті деп санайды
Дауыс беру күні сайлау комиссияларына артылған жүк ауқымы зор болды, бірнеше бюллетень, бір жағынан кандидаттар саны көп болды. Соған қарамай, сайлау комиссиясының өкілдері дауыс беру процесін кәсіби тұрғыда атқарды. Бақылаушылар мектебінің жетекшісі Александр Братенков осылай санайды.