Алдын ала болжамдар бойынша биыл Алматыда көктем ерте шығады
Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында су тасқыны маусымына дайындыққа арналған брифинг өтті. Елордадан онлайн брифингке «Қазгидромет» РМК Гидрология департаментінің директоры Әділ Ахметов қосылып, мегаполиске іргелес өңірлердегі жағдайға тоқталды. Ол сонымен қатар мегаполистегі ауа температурасының қалай өзгергенін хабарлады.