Алматы дәрігері: Қалада КВИ-ге қарсы вакциналануда жасөспірімдер мен жүкті әйелдердің белсенділігі жоғары
Алматыда жасөспірімдерді, жүкті және бала емізетін әйелдерді иммундау науқаны жалғасуда. Дәрігерлер азаматтардың жалпы белсенділігін атап өтті. №7 емхананың бас дәрігерінің орынбасары Нұрбол Жұмабеков Өңірлік коммуникациялар қызметіне Алматыда «Комирнати» вакцинасын алуға ниет білдірушілер көп екенін хабарлады.