Алматы онкологтары биыл 13 мыңнан астам науқасты емдеді
Бүгінде Алматының онкологиялық орталығына 27 мыңнан астам науқас есепте тұр. Бұл көрсеткіш жыл сайын өсіп келеді және онкологиялық аурулардың жаңа жағдайларын анықтау арқылы ғана емес, сонымен қатар онкологиялық науқастардың өмір сүру ұзақтығын арттыру арқылы да өсуде.