Алматылық дәрігер коронавирусты тұмаудан қалай ажыратуға болатынын айтты
Коронавирус ауруын тұмаудан ажырату өте маңызды, өйткені денсаулыққа қауіп төндіреді және бұл ауруларды емдеу тактикасы әртүрлі. Суық тию мезгілі қарсаңында Алматы қаласының №8 емханасының бас дәрігері Фарида Ағыбаева осы инфекциялардың негізгі белгілері туралы еске салды.