Алматы тауларына саяхаттау қауіпсіз әрі жайлы болады
Алматы маңындағы тауларда туристердің тұруына арналған лашықтарда Wi-Fi-ды пайдалануға, телефонды зарядтауға, дәрі қобдишасы мен азық-түлік жиынтығын алуға болады. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Алматы қаласы туризм басқармасының басшысы Сабина Аманкелді туристерге арналып салынып жатқан 15 лашықтардың құрылысы туралы ақпарат берді.