Алматыда шахматтан Қазақстанның юниорлар чемпионаты өтіп жатыр
Алматы қаласында 20 жасқа дейінгі юниорлар арасында шахматтан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Қазақстан шахмат федерациясының (Kazchess) баспасөз қызметі. Турнирге 80 бозбала мен 35 қыз қатысуда. Олар Азия чемпионатында еліміздің намысын қорғау, сондай-ақ Қазақстанның ересектер арасындағы чемпионаты финалына қатысу құқығын сарапқа салып жатыр.