«Өнегелі ұрпақ»: Алматыда жастар мен ардагерлер алма бағын жандандырып отыр
«Таза Қазақстан» республикалық экоакциясы және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны «Өнегелі ұрпақ» тақырыптық апталығы аясында 8 мыңнан астам ағаш отырғызылды, оның 4 мыңнан астамы алма. Көшеттер Алматының әртүрлі ауданында, оның ішінде «Қарағайлы орманы» саябағының аумағында - 500 алма және өрік көшеті, ALA саябағының аумағында 2270 көшет және Боралдай өзенінің бойындағы бақылау алаңында 1000-ға жуық көшет отырғызылды.