Гүлмира Садыкованың «ИНЕ СЫРЫ – ҚУЫРШАҚ ЖАНЫ» атты жеке көрмесі
2026 жылғы 16 қазанда сағат 16:00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде суретші Гүлмира Тұрсынқызы Садыкованың «ИНЕ СЫРЫ – ҚУЫРШАҚ ЖАНЫ» атты жеке көрмесі ашылады. Гүлмира Садыкова — сәндік-қолданбалы өнердің шебері ғана емес, өзіндік көркемдік тілін қалыптастырған суретші, зерттеуші әрі жаңашыл.