Мәмбеев Сабыр Әбдірасылұлының «ШЕБЕРДІҢ КЕСКІНДЕМЕСІНДЕГІ ПОРТРЕТ» атты жеке көрмесі
2024 жылғы 8 қазанда сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде Қазақстанның Халық суретшісі Мәмбеев Сабыр Әбдірасылұлының (1928-2017) «ШЕБЕРДІҢ КЕСКІНДЕМЕСІНДЕГІ ПОРТРЕТ» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді. Экспозицияда суретшінің отбасы қорындағы жиырмадан астам кескіндемелік туындылары қойылады.