Суретші Ким Михаил Петровичтің 100 жылдығына арналған көрме
27 қазан күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде суретші Ким Михаил Петровичтің (1923-1990) 100-жылдығына орай көрменің ашылуы және шебердің өмірі мен шығармашылығына арналған альбомның тұсаукесері өтеді.