Алматыда халықаралық Almaty Tech Cup 2025 чемпионаты басталды
Байқауға Қазақстан, Үндістан, Түркия, Моңғолия, Түрікменстан, Қырғызстан және Өзбекстанды қоса алғанда, 10 елден 3 000-нан астам жас инженер мен робототехник қатысуда. Робототехника, инженерия және дрон жарыстарында бақ сынайтын 400 команданың ішінде 20-сы шетелден келген. Чемпионаттың басты жүлдесі – Алматы қаласы әкімінің кубогы ең көп ұпай жинаған командаға беріледі.