Алматының тарихи орталығы жаңа келбетке ие болады
Алмалы ауданында тұрғын үйлердің қасбеті бірыңғай қалалық дизайн-кодқа сәйкес жаңартылып жатыр. Назарбаев даңғылы, 161 мен Шевченко көшесі, 51 мекенжайындағы тұрғын үйлерде жүргізілген жұмыс осымен аяқталды. Жоба ғимараттардың сыртқы келбетін жаңартып қана қоймай, олардың пайдалану мерзімін де едәуір ұзартып отыр.