Алматыда маусым айында коронавирус ауруы екі есеге азайды
Бұл туралы Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында ол індеттің әлі сейілмегенін, өткен тәулікте мегаполисте КВИ жұқтырудың 112 жаңа жағдайы тіркелгенін айтты.