Алатау ауданының әкімі коронавирусты жеңу үшін вакциналануға шақырды
Мегаполисте коронавирусты тоқтату үшін вакцина алу міндетті, бұл пікірді Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков айтты. Ол Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында сөйлеген сөзінде, ауданда 80 мыңнан астам қала тұрғыны КВИ вакцинасын алғанын айтты.