Ержан Бабақұмаров мектептердің жаңа оқу жылына офлайн форматтағы дайындығын тексерді
Ағымдағы жылдың 30 шілдесінде Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қалалық Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаевамен бірге жұмыс сапары барысында білім беру инфрақұрылымының жаңа оқу жылында офлайн форматта оқыту бойынша оқушыларды қабылдауға дайындығымен танысты. Еске салсақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп оқушыларының дәстүрлі форматта оқуға дайындығын қамтамасыз етуді тапсырған болатын.