Үкімет бизнес субъектілеріне келтірілген залалды өтеу механизмін бекітті
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, үкіметтік комиссияның отырысында 2022 жылғы қаңтардағы жекелеген өңірлердегі тәртіпсіздік салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік залалды өтеу механизмі бекітілгенін хабарлайды. Жекелеген өңірлердегі тәртіпсіздіктер салдарынан келтірілген залалды жою мәселелері жөніндегі комиссияға премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр төрағалық етеді.
Б. Сағынтаев: биыл Алматының барлық аудандарында 260-тан астам спорт алаңы ашылады
Алматы активінде Мемлекет басшысының зардап шеккен бизнесті қалпына келтіру және одан әрі дамыту туралы тапсырмаларын орындау бойынша сөйлеген сөзінде қала әкімі Бақытжан Сағынтаев спорт инфрақұрылымын дамыту туралы айтып берді.