Алматылықтарға халық санағына қатысудың пайдасы туралы айтылды
Халық санағы ең алдымен мегаполис тұрғындары үшін қажет, деп хабарлады Алматы қалалық Жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында сөз сөйлеген ол санаққа қатыса отырып, қала тұрғындары перспективалы әлеуметтік бағдарламаларды әзірлеуге өз үлесін қосатынын атап өтті.