Ашық аспан астындағы опера мен балеттен шашу
Еліміздің мәдени ордасы – Алматы қаласының күніне орай Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры көне классика әлемі мен озық сахна тоғысқан «Мұра» атты гала концертін паш етеді. Өнер ордасы 91-ші жаңа маусымының ашылуына орай дәстүрге айналған шараға қала тұрғындарына ұмытылмас жарықтан шоу дайындады. 15 қыркүйекте 19:00-де кездесетін жер – театр алаңы.