Оқушылар «Алматы – біздің ортақ үйіміз» акциясы аясында қарт адамдарға көмек көрсетті
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында Наурызбай ауданының оқушылары «Алматы — біздің ортақ үйіміз» науқанын үлкен ынтамен қолдады. Сондай-ақ, жоғары сынып оқушылары біздің сүйікті қаламыз бен еліміз туралы патриоттық әрі ретро әндерді орындау үшін амфитеатрға жиналды.